Индонезияда паром отқа оранды

30.05.2021 21:22

Борттағы адамның барлығы құтқарылды және жақын жердегі аралға жеткізілді

inform.kz

Индонезия жағалауында бортында 200-ге жуық адам болған паром өртенді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Табиғи апаттардың салдарын жою бойынша жергілікті басқарма қызметкерінің хабарлауынша, борттағы адамдардың барлығы құтқарылған, олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Алайда оқиға кезінде кемедегідер қатты үрейленген.

«Борттағы адамның барлығы құтқарылды және жақын жердегі аралға жеткізілді», – деген Табиғи апаттардың салдарын жою бойынша басқарманың ТЖ бойынша бөлім басшысы Ахмад Сангаджи.

Оқиға орнына құтқарушылар мен еріктілер келді.