Үндістанда автобус жыраға құлап, 8 адам қаза тапты

ҚазАқпарат
ҚазАқпарат
40-тан астамы жарақаттанды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үндістанда жол апаты салдарынан кем дегенде сегіз адам қаза тауып, 40-тан астам адам жарақат алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиға сенбі күні кешке Үндістанның оңтүстік-шығысындағы Андхра-Прадеш штатында болған. Автобус жыраға құлаған. Полиция апатқа жылдамдықты арттыру себеп болғанын айтып отыр. Зардап шеккендер ауруханаларға жеткізілді. 

Штаттың бас министрі Джаган Мохан Редди құрбан болғандардың отбасыларына 200 000 рупия (6 500-нан астам доллар) төлейтінін мәлімдеді. Апат кезінде зардап шеккендерге 50 000 үнді рупиясы (660 доллардан астам) беріледі. 

«Андхра-Прадеш штатының Читтор қаласында болған жантүршігерлік автобус апатында қаза тапқандардың жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Зардап шеккендер тез арада сауығып кетеді деп үміттенемін», - деп жазды Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди Twitter-дегі парақшасында.


Новости партнеров