Сайрагүл Сауытбай ерлік үшін берілетін Халықаралық батыл әйелдер сыйлығының лауреаты атанды

Сайрагүл Сауытбай ерлік үшін берілетін Халықаралық батыл әйелдер сыйлығының лауреаты атанды
12 жеңімпаздың тізімі АҚШ Мемлекеттік департаментінің сайтында жарияланған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл марапаттар әлемнің 12 әйеліне беріледі, деп хабарлайды Stan.kz.

Қазақстанда босқын мәртебесін алуға тырысқан және отбасымен Швецияға көшіп кеткен Қытайдан келген Сайрагүл Сауытбай, International Women of Courage Award сыйлығының лауреаты атанды. 12 жеңімпаздың тізімі АҚШ Мемлекеттік департаментінің сайтында жарияланған.

«Бүгін Мемлекеттік хатшы Майкл Помпео әлемнің 12 көрнекті әйеліне марапаттарын табыстайды. Америка Құрама Штаттарының бірінші ханымы Мелания Трамп олардың жетістіктері туралы айту үшін сөз сөйлейді», –  делінген хабарламада.

Сайрагүлдің өмірбаянында этникалық азшылықтарға қытай тілін үйретуге мәжбүр болғандықтан, түрмеден қашып, Қазақстанға келгені туралы жазылған.

«Сауытбай Қытай Коммунистік партиясының мұсылмандарға қарсы репрессиялық саясаты туралы көпшілік алдында алғашқылардың бірі болып айтқан. Оның халықаралық қоғамдастыққа берген куәлігі репрессияның алғашқы дәлелдерінің бірі болды, оның ішінде Қытайдағы мұсылман азшылықтарына қолданылған лагерьлер мен мәжбүрлеу әдістері туралы мәліметтер болды», – делінген хабарламада.

IWOC сыйлығы жыл сайын бейбітшілік, әділдік, азаматтық құқықтар, гендерлік теңдік және әйелдердің мүмкіндіктері үшін күресте ерекше ерлік пен көшбасшылық көрсеткен әйелдерге беріледі. Сыйлық 2007 жылы тағайындалғаннан бері АҚШ Мемлекеттік департаменті 73 елден 134 әйелді марапаттады.

Новости партнеров