Қазақстанның Украинадағы елшілігі Варшаваға көшіріліп жатыр. Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің сөзінше, Киевтегі елшілік толығымен жабылмайды, тек Польша астанасына қоныс аударады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сондай-ақ біздің дипломаттар мен қызметкерлер Молдоводағы елшілікке барып қызмет атқарып жатыр екен. Дегенмен Киевте Қазақстанның консулы бар. Украинада жүрген азаматтарымызға жан-жақты қолғабыс көрсетіліп жатыр. Ал Әскери қақтығыс болып жатқан Украинада 200-ге жуық қазақстандық жүруі мүмкін.
«Қазір ақпарат жинаудың өзі қиынға соғып тұр. Бұрын тізімде 600-800 адам болған. Қазір көбі Украинадан өз күшімен кетіп жатыр. Сондықтан олардың нақты есебін жүргізу мүмкін болмай тұр. Бірақ өтініш түсіп жатыр. Консулдың алдын-ала болжауынша, Украинада 200-ге жуық Қазақстан азаматы болуы мүмкін», – деді ҚР СІМ Мұхтар Тілеуберді.