Тәттіні өмірінде алғаш рет жеген баланың видеосы желіде тарады
Әлеуметтік желіде жарияланған ролик 800 мыңға жуық қаралып жинап, мыңға жуық пікір қалдырылған, депп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі El.kz-ке сілтеме жасап.
Блогер Әділет Рахметолла Африкаға аттанып, жергілікті балалардың біріне «Қазақстан» шоколадын тарту етті.
Бастапқыда бала сыйлыққа күмәндана қарағанымен, блогер тәттіні ашып көруге көндірді. Ал шоколадтың кішкентай бөлшегін тістеген соң баланың түрі өзгеріп, қуанып кеткенін көруге болады.
Блогердің сөзіне қарағанда, бала шоколадтың дәмін өмірінде алғаш рет татқан.
Оқи отырыңыз: Көктемде қандай дәрумендер ішкен пайдалы