Бішкекте көтеріліс болып жатса, Еуропа мен Америкада індет күн сайын өршіп барады. Нью-Йорк қаласында мектептер жабылып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Рютерс басылымының мәліметінше, аталған штаттың губернаторы Эндрю Куомо коронавирус жұқтырғандар саны көбейген Бруклин және Куинс кварталында мектептерді жабуды бұйырған. Білім ошақтарының жұмысын тоқтату туралы ұсынысты Нью-Йорк мэрі Билл де Блазио айтқан. Ол мұны тоғыз ауданда жеті күн қатарынан коронавирус жұқтырғандардың көрсеткіші 3 пайыздан асқаннан кейін жасапты. Ал, Ресейдің тұтынушылар құқығын қорғау қызметінің мамандары, кейбір адамдар коронавируспен мүлдем ауырмауы мүмкін. Ағзадағы иммунитеттің мутацияға ұшырауынан аталған ауру денеге кіре алмайды. Мұндай мықты иммунитет адамда туғаннан болады делінген хабарламада. Бүгінде жалпы әлемде індет жұқтырғандар саны 35 миллион 109 мыңнан асты. Ал, 1 миллион 35 мыңнан көп адам көз жұмған.