Жапонияда аспаннан белгісіз шар түсті

21.02.2023 22:51

Шардың көлемі 1,5 метр

фото: ашық дереккөзден

Жапонияның Хамамацу қаласының жағажайына аспаннан белгісіз шар түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі halyq-uni.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазір жергілікті полиция көлемі бір жарым метр темір шардың табиғатын зерттеп жатыр. Жағажайда жүруге тыйым салынды. Полиция жарылыс қаупін жоққа шығармай отыр.

Бұған дейін 2020 жылы Сэндай қаласының аспанында пайда болған шар тәріздес формадағы объекті пайда болған еді. Сосын шар Шығыс Сібір теңізіне қарай ұшып, көзден ғайып болған.