Қайық батып, 11 адам қаза тапты
yandex.kz
Түркияның батысында қайық суға батып, 11 заңсыз мигрант, соның ішінде сегіз бала қаза тапты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Бұл туралы Түркия жағалау күзетінің өкілі жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Измир провинциясында Чешме жағалауында 19 заңсыз мигрант мінген қайық аударылып кетті. Түркияның жағалау күзеті сегіз мигрантты құтқарып қалды. Аталып өтілгендей, Түркия жаңа өмір бастағысы келетін заңсыз мигранттардың Еуропаға өтуіне жол ашатын негізгі транзит бекеті. Мигранттар отанындағы соғыс қимылдары мен қудалаулардан қашып келуде. Түркия ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2018 жылы елде 268000 заңсыз мигрант ұсталған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
20.10.2026 08:10
Семсерлесушілеріміз Мароккодағы әлем Кубогында топ жарды
19.10.2026 08:40
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
19.10.2026 14:45