Билл Гейтс жаңа пандемия болады деп болжады

29.05.2022 23:10

Cәуірде әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 500 миллионнан асты

©REUTERS

Алдағы жиырма жылда жаңа пандемия басталуы мүмкін. Бұл туралы Microsoft негізін қалаушы миллиардер Билл Гейтс айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

"Келесі 20 жылда бізде тағы бір пандемия болу ықтималдығы елу пайыз", - деді ол Diario басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, сәуірде әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 500 миллионнан асты. Бүкіл әлемде 6,3 миллионға жуық адам қайтыс болды.

Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Хубэй провинциясындағы Ухан қаласында белгісіз пневмония өршігенін хабарлады. Мамандар ауру қоздырғышын анықтады - бұл жаңа коронавирус болып шықты. 2020 жылдың наурызында ДДСҰ COVID-19 індетін пандемия деп жариялады.