Хасан Роухани Украина халқына және қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты
Иран президенті Хасан Роухани украиналық Boeing 737-800 ұшағын атып жерге құлатқаны үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Stan.kz.
Хасан Роухани Украина халқына және қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. Сондай-ақ, ол 176 адамның өмірін жалмаған қайғылы жағдай үшін кешірім сұрады. Хабарламада Иран басшысының өз әскерилерінің қателігін мойындағаны туралы жазылған.
Ресми Тегеран әуе апатына қатысы бар адамдардың барлығы жазаланатынын және украиналық сарапшы топқа «қажетті қолдау жасалатынын» айтып сендірді.
Украина президентінің айтуынша, атып құлатылған украиналық ұшақ экипажы халықаралық ұшу ережелері мен нұсқауларын қатаң сақтаған.