Иранда автобус апатынан 19 адам қаза тапты
https://kaz.tengrinews.kz/
Иранның Масендеран провинциясында автобус аударылып, сайға түсіп кеткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Иранда жолаушыларға лық толы автобус аударылды
Оқыс оқиға кеше Масендеран провинциясында орын алған. Апат салдарынан 19 адам қаза тауып, тағы 24-і жарақаттанған деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Көлік Тегеран қаласынан Иранның солтүстік-шығысында орналасқан Гомбеде-Кавус қаласына бет алған екен. Автобус кенеттен аударылып, сайға түсіп кеткен. Mehr агенттігі провинциядағы жедел жәрдем баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, апат кезінде жарақаттанғандар жедел түрде ауруханаға жеткізілген. Естеріңізге сала кетейік, жақында Иран астанасы Тегеран әуежайының маңында украиналық ұшақ құлап, салдарынан бортта болған 167 жолаушы және 9 экипаж мүшелері қаза болған еді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
10.11.2026 09:40
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
10.11.2026 13:50
Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді
09.11.2026 10:00
Нөсер жаңбыр, қар аралас жаңбыр және жел: Алматыда күн бұзылады
10.11.2026 12:10