79 жастағы әжей есірткі сатып күн көрмек болған
Тексеріс барысында әйелдің үйінен 17 қаптамаға оралған есірткі табылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ресей Федерациясының Кемерово аудандық соты 79 жастағы қала тұрғыны есірткі сатқаны үшін жазалады, деп хабарлайды Stan.kz.
Баласының өлімінен кейін зейнеткер есірткі табылған шыны құтыны тауып алып, оны сатпақшы болыпты. Оның 8 грамм есірткіні сатып жібермекші болғаны анықталыпты.
Тексеріс барысында әйелдің үйінен 17 қаптамаға оралған есірткі табылған. Сол себепті есірткі саудасымен айналыспақшы болған әжейдің үстінен қылмыстық іс қозғалған.
Сот кейуананы кінәлі деп таныған, алайда жаза тағайындауда оның егде жасы мен жағдайы ескеріліпті. Сот шешімі жеңіл ақша табуға әрекеттенген қарияны 5 жылға бас бостандығынан айырды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
22.10.2026 08:30
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41
Егемендік декларациясы – тәуелсіздіктің алтын қазығы
22.10.2026 19:54
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32