Үндістанда бір тәулікте 20-дан астам адам найзағай соғып, ажал құшқан
pixabay.com
29 адам жарақат алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Үндістандағы Уттар-Прадеш солтүстік штатында найзағай салдарынан бір тәулікте кемінде 23 тұрғын мерт болып, 29 адам жарақат алды. Бұл туралы ҚазАқпарат NDTV телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Телеарнаның мәліметі бойынша сегіз адам Аллахабадта, Мирзапур мен Бхадохи қалаларында алты адам, тағы екеуі Каусамби қаласында, біреуі Джаунпурда көз жұмған. Жергілікті билік қаза тапқандардың туыстарына өтемақы төлеуге уәде берді. Бұған дейін Бихар штатында найзағай салдарынан 130-ға жуық адам мерт болған еді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
02.11.2026 08:11
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52