Әлемдегі геосаяси жағдайда Қазақстанның бейтарап ел ретіндегі статуста қалуы орынды

30.06.2022 02:43

Инвестициялар АҚШ және Ұлыбритания елдерінен келген

ашық дереккөз

Әлемдегі геосаяси жағдайда Қазақстанның бейтарап ел ретіндегі статуста қалуы орынды. Astana Finance Days баспасөз конференциясында «Астана» халықаралық қаржы орталығының басшысы Қайрат Келімбетов осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Өз сөзінде ол мысал ретінде, көпвекторлы сыртқы саясатының арқасында еліміз мұнай-газ және тау-кен өнеркәсібіне 300 миллиард доллардан астам қаражат тартқанын атап өтті. Инвестициялар АҚШ және Ұлыбритания елдерінен келген.

«Біздің сауданың 50% - Еуропа, 20% - Қытай, 20% Ресей елдерінен. Сондықтан Қазақстан қандай да бір таңдау жасаудан аулақ. Біз әлемдік қоғамдастықтың бір бөлігі болғымыз келеді және стратегиялық әріптестерімізбен тығыз қарым-қатынасты жалғастырамыз», – деді «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов.