Қақтығыс алаңына айналған Газа аймағында 100-ден астам қазақстандық бар. Сыртқы істер министрлігінің ақпарына сай, Қазақстанның Мысыр мен Иорданиядағы елшілігі соғыс ошағында қалған азаматтармен байланысып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ведомство өкілінің айтуынша, олардың қазіргі орналасқан жеріне мониторинг жүргізіліп, байланыс деректері тұрақты түрде жаңартылып отырады. Қазақстандықтар арасында қаза тапқандар мен жараланғандар туралы мәлімет тіркелмеген.
– Жергілікті билікпен отандастар және олардың отбасы мүшелерін Газа секторынан Египеттегі Рафах өткізу пункті арқылы шығару үшін келіссөз жүргізіліп жатыр. Қолда бар ақпаратқа сай, Қазақстанның 67 азаматы, олардың отбасы мүшелерін қосқанда 100-ден астам адам табылды. Қазақстаннан басқа да тағы 45 елдің елшілігі осындай келіссөз жүргізіп жатыр. Кейбір отандастардың құжаты жоқ, – деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Оқи отырыңыз: Израильден эвакуацияланған қазақстандықтар мінген рейс Алматыға қонды