Бұл туралы дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус мәлімдеді
Ауруды ауыздықтау мүмкін болмай тұр. Пандемия әлемнің денсаулық сақтау жүйесіндегі олқылықтарды шығарып берді. Бұл туралы дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус мәлімдеді, деп хабаралайды Almaty.tv.
Оның сөзінше, індет алып мемлекеттердегі медицина саласының жүйесін бұзды.
«Жағдай мәз емес. Осы уақытқа дейін әлем бойынша 12 миллионға жуық адамның вирусты жұқтырғаны мәлім болды. 544 мыңнан астам науқас көз жұмған. Соңғы алты аптадағы статистика еселенді», – дейді Тедрос Гебрейсус.