Әзірге КОВИД-19 жұқтырғандар саны бойынша АҚШ көш бастап тұр
АҚШ-тың бас инфекционисі Энтони Фауч коронавирустық пандемия енді ғана қарқын алып келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның пікірінше, індет Бразилия, Оңтүстік Африка республикасында және Азияда өршіп келеді. Соның салдарынан вирусқа қатысты жағдай нашарлауы мүмкін. Коронавирус уақыт өте келе әлсірейді. Бірақ, нақты шектеу шараларын қолданбайынша аурудан құтылу мүмкін емес деді маман.
Еске салайық, Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша әлемде 12 миллион 200 мыңға жуық адам аталған дертті жұқтырған. 6 миллион 650 мыңға тарта азамат індетті жеңіп, құлан таза айығыпты. Әзірге КОВИД-19 жұқтырғандар саны бойынша АҚШ көш бастап тұр. Екінші орында Бразилия. Бірақ, Еуропа елдерінде азаматтардың қарсылықтарына қарамастан шектеу шаралары күшейтілмек.