Ресей коронавирусқа қарсы екпені әлемдік нарыққа шығаруға дайын

29.06.2020 в 23:55

Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко мәлімдеді

Ресей COVID-19-ға қарсы екпені әлемдік нарыққа шығаруға дайын. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше, әдетте клиникалық зерттеулер үш кезеңнен тұрады және бірнеше жылға созылады. Алайда пандемия кезінде процестің кейбір кезеңдері қысқартылуы мүмкін. Айта кетейік, Ресейде коронавирусқа қарсы екпені сынау енді әскерилер арасында жалғасуда. 23 маусым күні екпені ерікті түрде 20 әскери қызметкер салдырған. Жергілікті "Красная звезда" басылымының айтуынша, қазіргі уақытта барлық еріктінің жағдайы жақсы. Клиникалық сынаққа қатысушылар оқшауланған, медициналық мамандардың тұрақты динамикалық бақылауында.

Теги: COVID-19 екпе