АҚШ-та тәуелсіздік күнін мерекелеу кезінде атыс болды
You tube
Оқ жаудырған күдікті ұсталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
АҚШ-та тәуелсіздік күнін мерекелеу кезінде атыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Иллинойс штатының Хайленд-Парк қаласында болған оқиғадан кемінде 6 адам қайтыс болып, 20-дан астамы жарақат алған. Көп ұзамай оқ жаудырған күдікті ұсталды. Оның 22 жастағы Роберт Кримо есімді азамат екені анықталып отыр. Ол көрермендер мен қатысушыларға мерекелік шара басталғаннан кейін бірнеше минут өткен соң оқ жаудырған. Күдікті ғимараттың төбесінен атқан, полиция қаруды сол жерден тауыпты.
БЛИЦ:
- Біз оқиға болған жерге жақын маңда болдық. Қарудың дауысын естідім, бірнеше рет оқ жаудырды. Адамдар қаша жөнелгенін көрдім. Сол сәтте ол мылтығын оқтап алып, қайта атты.
- Мен алдымен отшашу атылды деп ойладым. Жан-жағыма қарасам адамдар қашып барады. Баламды қолыма көтеріп алып, мен де ол жерден бой тасаладым.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
21.10.2026 11:10
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34