Өмір мен өлімнің ортасында жүрген жандарға басымды иемін – Борис Джонсон

bbc.com
bbc.com
Әлемде соңғы бір тәулікте 72 мың 955 адам коронавирус жұқтырған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Коронавирус індетінен жазылып шыққан Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон дәргерлерге алғысын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Әлемде соңғы бір тәулікте 72 мың 955 адам коронавирус жұқтырған. Ал жалпы індетпен дүниежүзінде 1 млн 855 мың 830 адам ауырады. Бұл көрсеткіш сағат санап өсіп жатыр. Қазірдің өзінде 114 мыңнан астам адам көз жұмса, 425 мыңға жуығы жазылып шыққан. АҚШ-та 560 мыңнан аса адам инфекция жұқтырып, қаза болғандар саны 22 мың адамнан асты. Ал Испанияда соңғы бір тәулікте 5 мыңнан аса адам вирусты жұқтырып, 167 мыңға жуықтады. Испанияның туризм министрі қатаң карантин шаралары біткеннен кейін де елде қашықтан қызмет ету шаралары жалғасатынын мәлімдеді. Ұлыбританияда 84 мыңнан астам ауырып, елдің премьер-министрі Борис Джонсон ауруханадан үйге шығарылды. Бірақ ол жуық арада жұмысқа оралмайды.  

«Мені емдеп шығарған дәрігерлерге алғысым шексіз. Жұмысыңыздың жемісін көріңіздер. Аты жаман аурумен күресте алдыңғы шепте еңбек етіп жатқан ақ халаттыларға да рақмет айтамын. Олар өз өмірлерін қауіпке тігіп, тәуекелге баруда. Өмір мен өлімнің ортасында тер төгіп жатқан жандарға басымды иемін. Мен жазылып шықтым. Бірақ жұмысқа оралуыма әлі ерте», – деді Ұлыбританияның премьер-министрі Борис ДЖОНСОН.

Новости партнеров