Ойын барысында 37 жастағы спортшы алаңдағы допқа талас кезінде қарсыласын шынтағымен ұрып жіберген
«Лос-Анджелес Гэлаксидің» швециялық футболшысы Златан Ибрагимович «Лос-Анджелес» ойыншысы Мохаммеду Эль-Монирдің жағын сындырды. Оқиға америкалық MLS чемпионаты аясындағы матч барысында болған, деп хабарлайды sn.kz порталы vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Лос-Анджелестің екі командасы 19 маусымда кездескен. Матч «Гэлаксидің» пайдасына 3:2 есебімен аяқталды. Бұл ойында Ибрагимович хет-трик авторы атанды. Ойын барысында 37 жастағы спортшы әуедегі допқа талас кезінде қарсыласын шынтағымен ұрып жіберген. Салдарынан Эль-Монирдің бет сүйегі сынған.
Сол сәттің видеосы мен жарақаттанған футболшының рентген суретін «Нью-Йорк Ред Буллс» ойыншысы Армо Тарек Twitter желісіндегі парақшасында жариялады. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Эль-Монирге енді ота жасалады, футболшы үшін маусым ерте аяқталды.
This is just unbelievable!!! ElMounir is going to have a surgery tomorrow! pic.twitter.com/XQnT8xEC5K
— Amro Tarek (@AmroAbdelAziz) July 22, 2019