Оның сөзінше, бұл жолы наурыз-сәуір айларына қарағанда анағұрлым жеңіл өтпек
Германияда COVID-19 инфекциясының екінші толқыны басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы аталған елдің дәрігерлер қауымдастығының төрағасы Зузанне Йона мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл жолы наурыз-сәуір айларына қарағанда анағұрлым жеңіл. Ал, әлем бойынша аты жаман вирус 18 жарым миллион адамнан анықталса, 11 миллионнан астамы айығып шықты. Өкінішке қарай, 700 мыңға жуық адам осы індеттен көз жұмды.