Желіде Bottle Cap Challenge атты жаңа челледж таралып кетті. Басты міндет – бөтелкені айналып, бір теуіп ашу. Алайда бөтелке тапжылмай орнында қалуы тиіс.
Бұл әдісті алғашқылардың бірі болып америкалық UFC спортшы Макс Холлоуэй жасаған, деп жазды Sputnik.
Ол эстафетаны әнші Джон Майерге берді. Одан кейін голливудтық актер Джейсон Стэйтем алды.
Актерден шебер трюгінен кейін челленж ерекше танымал бола бастады. Оған UFC жұлдызы Конор Макгрегор де қосылды.
«Керемет шеберлік, Джейсон Стэйтем. Бұл бөтелкені сен үшін ашамын. Эстафетаны Флойд Мейвезерге беремін», - деп жазды Макгрегор.
Қазақстандықтардан бұл челленджге таэквандодан әлем чемпионы Әл-Фараби Даулетшин қатысты.
Барлық видео #bottlecapchallenge хэштегімен белгіленуде. Ол хэштегке жүктелген видео саны 7 мыңға жуықтады.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Jason Statham (@jasonstatham)1 Июл 2019 в 9:09 PDT