18 қабаттан құлаған лифтіде 8 жасар қыз болған
18 қабатта тұрған лифт бұзылып, жерге дейін түскен
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қытайдың Гуандун провинциясы Шэньчжень қаласында 18 қабатта тұрған лифт бұзылып, жерге дейін түскен. Ішінде 8 жасар қыз болған.
Бейнебақылау камерасына жазылып қалған видеоны AsiaOne ақпарат порталы бөлісті.
Оқиға 28 мамырда болған. Кадрдан ішінде екі бала бар лифттің 19-қабатқа көтеріліп, ішінен бір ұлдың шыққанын көруге болады. Есік жабылып, лифт төмен түсе бергенде лифт жүйесі істен шығып, дисплейден ештеңе көрінбей қалады. Лифт төмен қарай құлдырайды, ал қыз сасқалақтап барлық батырманы басады.
Соңында лифт бірінші қабатта тоқтайды, абырой болғанда қыз аман қалған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
21.10.2026 11:10
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34