Нэнси Пелоси Тайванға ресми түрде келді

Бұған дейін Қытай азаматтық ұшақтарға қонуға тыйым салып, Тайвань бұғазы аймағын жауып тастағанын еске салайық
Жаңалықтармен бөлісіңіз

АҚШ Конгресі өкілдер палатасының төрайымы Нэнси Пелосидің ұшағы Тайвандағы Тайбэй халықаралық әуежайына келіп қонды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kzке сілтеме жасап.

Бұл мәлімет Flightradar авиациялық қызметінің деректерінен алынды.

Бұған дейін Қытай азаматтық ұшақтарға қонуға тыйым салып, Тайвань бұғазы аймағын жауып тастағанын еске салайық.

Аталған ұшақ келіп қонған «Суншань» әуежайындағы зениттік зеңбіректердің үстіне жабылған жамылғы сыпырылып алынды.

Әлеуметтік желі қолданушылары Қытайдың Фуцзянь провинциясынан қытай әскери ұшақтары Тайванға қарай ұшып шыққанын жазады. Аталған провинцияда дабыл белгісі қосылған.

Алдында Жапониядағы базадан оншақты АҚШ әскери ұшағы әуеге көтеріліп, Тайванға бет алғаны хабарланған.

Новости партнеров