Ресейдің тереңсу аппаратында шыққан өрттен 14 теңізші қаза тапты
Төтенше жағдай батиметрикалық өлшем жасау кезінде болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ресейлік ғылыми-зерттеу тереңсу аппаратында өрт шығып, 14 теңізші-сүңгуір қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости.
РФ Қорғаныс министрлігінің өкілдері қайғылы оқиғаның 1 шілдеде ресейлік аумақтық суында болғанын хабарлады. Аппарат Ресей Әскери-теңіз флотының мүддесімен Әлем мұхитының түбін және түп кеңістігін зерттеумен айналысқан.
Төтенше жағдай батиметрикалық өлшем жасау кезінде болған. Теңізшілер өрт өнімдерінен уланып қалған.
«Команданың жанкешті әрекеттерінің арқасында өрт ошағы жойылды. Терең су аппараты Солтүстік теңіз базасында орналасқан», - делінген хабарламада.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
11.11.2026 13:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
12.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
11.11.2026 18:53
Алматыда екі күнде айлық жауын-шашын мөлшерінің 76 пайызы жауды
11.11.2026 21:48