Ирандағы Украиналық лайнердің құлауына Тегераннан ұшып шыққан баллистикалық зымыран себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Иран белсендісі Нариман Гариб Telegraмға видео жариялап осындай болжам жасап отыр. Алайда, видеоның дұрыс-бұрыстығын Bellingcat пен The New York Times журналистері тексеріп жатыр. Бұл туралы Цензор.net сайты жазды. Видеода әлдебір заттың бір-бірімен соқтығысып, артынша жарқ еткен жарықтың шыққаны анық көрініп тұр.
Еске салайық, Киевке бағыт алған Boeing 737-800 ұшағы таңғы уақытта Тегерандағы әуежайдан ұшып шығып арада бірнеше минут өткенде апатқа ұшыраған еді. Ресми мәлімет бойынша, ұшақта 176 адам болған. Оның 167-сі жолаушы болса, 9-ы экипаж мүшесі. Апат кезінде олардың барлығы да қаза тапты.