1940 жылдары жоғалған бірнеше әмиян бұрынғы мектеп ғимаратындағы әйелдер ваннасынан табылды
АҚШ тұрғыны 89 жастағы Бетти Сиссом (Betty Sissom) көп жыл бұрын ұрланған әмиянын қайтарып алды, деп жазады CNN.
Қызықты оқиға Иллинойс штатында шіркеу ұйымы сатып алған бұрынғы мектепті жөндеу кезінде болды. Жұмысшылар унитаздың артынан фотосуреттер мен құжаттар салынған бірнеше ескі әмиянды тауып алған.
Шіркеудің пасторы табылған әмияндар мен адамдардың аты-жөндерінің суретін Facebook аккаунтында жариялады. Оның жазбасын бірнеше мың адам бөліскеннен кейін жергілікті БАҚ тізімде аты аталған әйелдің бірін тапты.
1947 жылы мектепті бітірген және қазір Сент-Луис қала маңында тұратын Бетти Сиссом 75 жылдан соң әмиянын қайтарып алған кезде қатты таңғалды. Сондай-ақ әйел көп жылдар бойы көрмеген сыныптастарының суреттерін, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза болған ағасының фотосын көріп қуанды.
Бетти Сиссом мектепте бірге оқыған басқа әмияндардың иелері әлі де тірі деп үміттенеді.
Қолданушылар тізімдегі жеті қыздың екеуі дүниеден озғанын жазды. Заттары табылғандардың екеуі де 2012 жылы қайтыс болған.