Британдық волонтер рекорд орнату үшін төрт күн бойы үрмебұршақ толтырылған ваннада отырды

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Эксперимент барысында британдық азамат шамамен 774 000 теңге қаражат жинады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Британдық волонтер Колин Джонс 40 жылдық әлемдік рекордты жаңарту үмітімен томат тұздығындағы үрмебұршақпен (фасоль) толтырылған ваннада төрт күн өткізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Сынақ сейсенбі күні таңғы сағат 8-де басталып, сенбі, 20 маусымда кешкі 18:00-де аяқталды. Осы уақыт бойы ерікті Колин Джонс ішіне 14 құты консервіленген үрмебұршақ құйылған ваннада отырды. Бұл ерекше «жүзу бассейні» Норфолк графтығындағы пабтардың бірінде орналастырылды. Оған берілген жалғыз жеңілдік — жылытқыш пен дәретханаға бару үшін күніне бөлінген 30 минут қана болды.

Эксперимент барысында британдық азамат өзі волонтер болып жұмыс істейтін әлеуметтік супермаркет үшін 1,2 мың фунттан астам (шамамен 774 000 теңге) қаражат жинады.

Сынақ басталмас бұрын волонтер Колин Джонс медициналық тексеруден өтіп, оның тамыр соғысы, қан қысымы мен салмағы өлшенді. Оның айтуынша, ең қиыны түнгі уақыт болған — ол бұл сәттерді тоңазытқыштың ішінде ұйықтағанмен теңестірді. Паб иелері оны ірімшік және үрмебұршақ қосылған, қабығымен пісірілген картоппен тамақтандырған, деп хабарлайды Dexerto басылымы.

Оқи отырыңыз: Алматыда 8-14 маусым аралығында ауа райы қандай болады