АҚШ-та болған жол апатында Қытайдың үш азаматы қайтыс болды

25.08.2025 10:58

Жарақат алған тоғыз адамның жетеуі ауруханадан шығарылған, ал қалған екеуі медициналық көмек алуды жалғастырып жатыр

Clark Van Der Beken/unsplash.com/

22 тамыз күні Нью-Йорк штатының солтүстігінде болған автобус апаты салдарынан Қытайдың үш азаматы қаза тауып, тағы тоғыз адам жарақат алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы жексенбі күні ҚХР-дың Нью-Йорктегі Бас консулдығы хабарлады.

Жарақат алған тоғыз адамның жетеуі ауруханадан шығарылған, ал қалған екеуі медициналық көмек алуды жалғастырып жатыр.

Қытай Халық Республикасының Бас консулдығы қаза тапқандардың отбасыларымен байланысқа шығып, апаттың салдарын жоюға көмек көрсетуге кіріскен.

Сенбі күні консулдықтың жұмыс тобы оқиға орнына барып, ауруханадағы зардап шеккендерді жағдайын біліп, қажетті консулдық көмек көрсетті.

Оқи отырыңыз: 100 млн теңге табыс: Қостанайда наркобизнестің жолы кесілді