Басын жей жаздады: акуланың адамға шабуылы видеоға түсіп қалды

Gerald Schömbs/unsplash.com/
Gerald Schömbs/unsplash.com/

Видеода теңіз жыртқышының дайверге қарай жүзіп келе жатқанын және бірнеше секунд ішінде адамның басын жей жаздағаны көрінеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мальдивте акула шабуылына тап болған дайвердің жолы болып, аман қалды. Үлкен акуланың адамға шабуылы видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Видеода теңіз жыртқышының дайверге қарай жүзіп келе жатқанын және бірнеше секунд ішінде адамның басын жей жаздағаны көрінеді. Ер адам қашып үлгерді.

Samudra Maldives мәліметі бойынша Мальдив аралдары ақ құмды жағажайларымен, көгілдір суымен танымал, бірақ онда сондай-ақ акулалардың 30-ға жуық түрі бар.

Оларға қола балға акулалары, жолбарыс акулалары, кит акулалары және сұр риф акулалары жатады - кадрдағы акуланың қай түрі екені әлі белгісіз.

"Мальдив аралдарына жақын жүретін акулалардың көпшілігі мейірімді және олардың шабуыл жасауы сирек кездеседі. Бірақ мальдивтік жолбарыс акулаларына жолығу өлімге әкелуі мүмкін", - дейді мамандар.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда шетелдік алаяқтар тобы ұсталды

Новости партнеров