Флоридада «Милтон» дауылынан 4 адам қаза тапты

BILD
BILD

Дауыл Флоридадағы қуат көздерін ажыратты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Штат губернаторы Рон Десантистің айтуынша, Флоридада түнде болған дауыл салдарынан кемінде төрт адам қаза тапқан. Табиғат апатынан Spanish Lakes Country Club қарттар үйі қирады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Біз залалдың нақты көлемін ертең білетін боламыз. Дауыл өте қатты, бірақ біз ойлағандай, біз күткендей жойқын болған жоқ», - деді Десантис. 

Дауылдың максималды толқыны шамамен 3 метрге жетті. Бұған дейін қыркүйек айының соңында соққан жойқын «Хелен» дауылы теңіз суының деңгейін 4,5 метрден астамға биіктікке дейін көтергенін айта кетейік. Бұл жолғы «Милтон» да жауын-шашынның көп мөлшерін өзімен бірге ала келді. Атап айтар болсақ, Сент-Питерсбергте бір шаршы метрге 460 литрге дейін жауын түскен.  

Дауыл Флоридадағы қуат көздерін ажыратты. Қазіргі кезде 3,2 млн адам жарықсыз отыр. Штаттағы көптеген үй зақымданған, қираған. Сент-Питерсбергте желден жергілікті бейсбол стадионының шатыры жұлынып, оған жақын жерде көтергіш кран құлаған.

Бұған дейін АҚШ-та 5 млн-ға жуық адам эвакуациялау туралы бұйрық алғаны хабарланған болатын. 

Florida State University, University of Florida, University of South Florida және University of Miami-де білім алып жүрген қазақстандық студенттер үйінде отыр. Оқу орындары уақытша жабылып, оқу процесі тоқтатылды.

Халықаралық бағдарламалар орталығы «Милтон» дауылының Флоридаға жақындағанына байланысты жағдайды бақылап отыр.

Оқи отырыңыз: Құмар ойынға салынған ер адам 11 айлық баласын сатып жіберді

Новости партнеров