Францияның 34 провинциясында қызғылт сары дабыл деңгейі жарияланды

Depositphotos
Depositphotos

Сейсенбі күні 19 провинцияда орын алған қолайсыз ауа райы алдағы күндері елдің көптеген аймақта сақталады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Францияның 34 провинциясында су тасқыны мен дауыл салдарынан ескерту деңгейі қызғылт сарыға дейін көтерілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Франция метеорологичлық қызметінің хабарлауынша, сейсенбі күні 19 провинцияда орын алған қолайсыз ауа райы алдағы күндері елдің көптеген аймақта сақталады.

Су тасқыны мен дауыл қаупіне байланысты «қызғылт сары дабыл» жарияланған провинциялар саны 34-ке дейін, ал «сары дабыл» режимі жарияланған провинциялар саны 47-ге жетті.

Елдің оңтүстігінде, Пиреней аймағының батысында, Париж аймағында және Пас-де-Ла-Луар провинциясында жел жылдамдығы сағатына 150 шақырымға жетіп, нөсер жауын жаууы мүмкін.

Оқи отырыңыз:  АҚШ-тағы Флорида тарихындағы ең үлкен эвакуация басталды

Новости партнеров