Референдумға дейін:
5
күн
0
сағат
20
минут

Германия аумағына метеорит сынықтары түсті

Фото: 5VISION.NEWS/IMAGО
Фото: 5VISION.NEWS/IMAGО

Ал AFP агенттігінің дерегінше, кейбір адамдардың жарақат алғаны туралы да мәлімет бар

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Германияның батысында метеорит фрагменттерінің құлауынан бірнеше тұрғын үйге зақым келді, деп хабарлайды Almaty.tv.

8 наурыз кешке Батыс Германияның көптеген тұрғыны аспандағы ерекше жарық құбылысын байқаған. Төменгі Саксония, Гессен, Рейнланд-Пфальц, Саар, Баден-Вюртемберг және Солтүстік Рейн — Вестфалия тұрғындары әлеуметтік желілерде видео мен фотолар жариялаған.

Полицияның жедел штабының мәліметінше, оқиға туралы алғашқы хабарламалар Кобленц қаласынан, сондай-ақ Хунсрюк және Айфель тау жоталары орналасқан Рейнланд-Пфальц аймағынан түскен.

"Кешкі уақытта Кобленц қаласының Гюльс ауданындағы тұрғын үйдің шатырына аспаннан зат құлады. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлері жетті, қазіргі уақытта қауіп жоқ," — деп полицияның хабарламасын dpa агенттігі келтіреді.

Ал AFP агенттігінің дерегінше, кейбір адамдардың жарақат алғаны туралы да мәлімет бар.

Кайзерслаутерн қаласының полициясы тұрғындардың «соңынан қысқа жалын жарқыраған ұшатын нысанды» немесе аспандағы жарқылды көргенін айтқанын мәлімдеді. Алғашқы болжамдардың бірі ретінде зымыранның ұшуы да айтылған. Алайда құқық қорғау органдары қауіпсіздікке қатер төндіретін белгілер жоқ екенін атап өтті.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Оқи отырыңыз: Эвакуация басталғалы Таяу Шығыстан елге 7300 адам жеткізілді – ҚР СІМ

Новости партнеров