Гонконгта жүк ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, екі адам көз жұмды

Depositphotos
Depositphotos

Boeing 747 жүк ұшағы дер кезінде тоқтай алмай қалған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Полиция Emirates жүк ұшағы Гонконг халықаралық әуежайына қону кезінде көлікке соқтығысқан деп хабарлады. Солтүстік ұшу-қону жолағы уақытша жабылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Полицияның хабарлауынша, дүйсенбі күні таңертең Гонконг халықаралық әуежайының солтүстік ұшып-қону жолағынан шығып кеткен жүк ұшағы көлікпен соқтығысып, теңізге құлаған. Оқыс оқиға кезінде екі адам қаза тапты.

Дубайдан шыққан Emirates EK9788 рейсі шамамен таңғы сағат 3:50-де қону кезінде ұшу-қону жолағынан шығып кеткен. Boeing 747 жүк ұшағы дер кезінде тоқтай алмай қалған. 

Бастапқыда көліктегі екі ер адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Кейін 30 жастағы ер адамның қайтыс болғаны, екіншісі, 41 жастағы азамат Солтүстік Лантау ауруханасына жеткізілгені хабарланды. Алайда, ол да Ганконг уақытымен таңғы сағат 6:26–да қайтыс болды.

Ұшақтағы 4 экипаж мүшесі де зардап шеккен жоқ. Оқиға салдарынан әуежайдың солтүстік ұшып-қону жолағы уақытша жабылды.

Оқи отырыңыз: Жетісу облысында ұзындығы 108,7 шақырым болатын 9 канал реконструкцияланып жатыр

 

Новости партнеров