Грузияда мейрамхананың 12 қызметкері өлі табылды

15.12.2024 15:50

Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды

@Patrol Police of Georgia

Грузияның Ішкі істер министрлігі Гудаури тау шаңғысы курортындағы үнді мейрамханасында 12 адамның өлі табылғанын хабарлады, деп хабарлайды деп хабарлайды Almaty.tv   

NewsGeorgia басылымының хабарлауынша, қайтыс болғандардың 11-і Үндістан азаматы болса, біреуі Грузия азаматы болған. Белгілі болғандай, олар сол жерде жұмыс істеп, екінші қабатта тұрған.

Өлімнің ықтимал себебі – жазатайым оқиға. Мәйіттерде зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған.

Жұмысшылар тұратын бөлмелердің жанында, жабық бөлмеде генератор жұмыс істегені белгілі болды. Ол бір күн бұрын, электр қуаты өшіп қалған соң қосылған.

Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

"Аталған дерекке фактіге байланысты жедел-іздестіру шаралары белсенді жүргізілуде, оқиға орнында сот-медициналық сарапшылар жұмыс істеп, өзге қызметкерлерден жауап алынып жатыр", - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде Грузия Қылмыстық кодексінің 116-бабы «Абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру» бойынша тергеу басталды.

Оқи отырыңыз: Бір ғана үміткер қатысты: Грузияда президент сайлауы өтті деп жарияланды