Соңғы жылдары шетелден баспана сұраған ирандық спортшылар саны артқан
Швецияда өткен үстел теннисінен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысқан ирандық жас спортшы Баран Арджаманд еліне қайтудан бас тартты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Бұл туралы ирандық Tasnim агенттігі хабарлады.
15 жастағы теннисші командаластарымен бірге Иранға қайтар жолында алдымен Швециядан Данияға, одан соң Түркияға ұшатын болған. Қайту рейсінің билеттері сатып алынып қойылған.
"Алайда соңғы сәтте қыз бала Дания полициясынан көмек сұрап, еліне қайтқысы келмейтінін мәлімдеген", - деп мәлімдеген жұма күні Иранның үстел теннисі федерациясының өкілдері.
Айта кетсек, соңғы жылдары халықаралық спорт жарыстарына барып, шетелден саяси баспана сұраған ирандық спортшылар саны артқан.
2024 жылы олимпиадалық құрамаға іріктеліп алынған 36 босқын-спортшының 40 пайызы Ираннан келгені белгілі болды.
Оқи отырыңыз: Миллиардер аукционда 6,2 млн долларға сатылған бананды жеп қойды