Ерлі-зайыптылар бастапқыда үй жануарларына деген ортақ сүйіспеншіліктің арқасында танысқан
Үндістанның Бхопал қаласында жас жұбайлар үйдегі жануарларының, яғни иті мен мысығының өзара тіл табыса алмауы салдарынан ажырасып кеткен, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Қалалық отбасы істері жөніндегі сотының дерегінше, ерлі-зайыптылар бастапқыда үй жануарларына деген ортақ сүйіспеншіліктің арқасында жақын танысып, кейіннен отау құрған. Алайда үйленген соң бірге тұрған кезден бастап ер адамның иті мен әйелінің мысығы бір-біріне шабуылдап, соңында үйде үнемі жанжал туындаған.
Күйеуі әйеліне үйленген кезде мысығын бірге алып келмеуді ескерткенін айтса, әйелі мысығынан бас тарта алмайтынын, ал оған иттің үнемі шабуылдайтынын мәлімдеген.
Туыстары мен психологтардың жұбайларды татуластыруға талпынғанына қарамастан, тараптар ымыраға келмей, сотқа «келісімге келмейтін қарама-қайшылықтар» ретінде арыз түсірген.
Отбасылық кеңесші Шаил Авастидің айтуынша, мұндай жағдайлар соңғы уақытта жиілеп кеткен.
«Кей адамдар үй жануарына тым жақын, тым тәуелді болып кетеді де, олар адами қарым-қатынастың орнын баса алады деп ойлай бастайды. Ал екі жақ та ымыраға келуден бас тартқанда, мұндай некелер ұзаққа бармайды», - дейді ол.
Сот өкілдері бұл оқиғаны қазіргі қоғамдағы әлеуметтік оқшаулану мен адамдардың жануарларға артып отырған эмоционалдық тәуелділігінің көрінісі деп бағалады.
Дереккөз: ndtv.com
Оқи отырыңыз: Алматыда биіктен секіріп кеткен сарбаздың денсаулығына қатысты жаңа ақпарат жарияланды