"Қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз": Британияда ер адамға журнал 19 жылға кешігіп жеткізілді

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Журналдың көшірмесімен бірге оған кешірім хаты да қалдырылған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Британияның Корольдік поштасы ел тұрғынына журналды 19 жылға кешіктіріп жеткізді, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Честер қаласында тұратын ғылыми фантастикалық кітаптардың авторы Пол Эдвардстың айтуынша, 5 маусым күні оның пошта жәшігіне бала тәрбиесіне қатысты кеңестер жазылған «Mother & Baby» журналы түскен. Ол бұл журналға 2007 жылы – қызы бір жарым жаста болғанда және отбасында екінші перзентін күтіп жүрген уақытта жазылған екен. Қазір оның балалары 18 және 20 жаста, екеуі де университетте оқиды. Пошта қызметкерлері журналдың көшірмесімен бірге «қолайсыздық тудырғаны үшін» кешірім хатын да қалдырған.

«Сол кезде журналдың жетпей қалғанын байқадық па, жоқ па, ол жағы есімде жоқ. Ал енді ол кенеттен пошта жәшігінен табылып отыр», - деді Эдвардс.

Ол өзін бәрінен де бұрын «қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз» деген жазбаның таңғалдырғанын жеткізді.

«Шыны керек, менің балаларым қазір есейіп, үйден кетіп қалған», - деп әзілдеді Эдвардс.

Новости партнеров