Әзірге жергілікті полиция оқиғаның мән-жайын толық анықтамады
Копенгаген қаласының орталығында бір топ азаматты көлік басып кетуі салдарынан кем дегенде 11 адам зардап шекті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оқыс оқиға Dronning Louises Bro ауданында болған. Полиция деректеріне сүйенсек, егде жастағы ер адам көлік тізгінін басқара алмай қалған. Бастапқыда жол жөндеп жатқан жерге соқтығысқан көлік, жолшыбай велосипедшіні, кейін бір топ адамды басып өткен.
Қазір жүргізуші соқтығысу салдарынан алған жарақаттарын емдетіп жатыр, бірақ оның жағдайы ауыр емес. Әзірге жергілікті полиция оқиғаның мән-жайын толық анықтамады.
"Біз мұны істегеннен кейін, айып тағу керек пе, соны қарастырамыз", — деді полиция өкілі Йеспер Франдсен жергілікті теледидарға берген сұхбатында.
Оқи отырыңыз: Павлодарда ауыл тұрғынының мал қорасынан 3 мыңға жуық мылтық патроны табылды