Қарулар баллистикалық сараптамаға жіберілген
Ер адам табылған оқ-дәрілердің барлығын полицияға тапсырған. Бұл үшін мемлекеттен 327 мың теңгеден астам сыйақы алады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Полицияның кезекші бөліміне Май ауданында тұратын ер адамнан қоңырау түскен. Ол өз үйінің жанындағы мал қорасынан 3 мыңға жуық мылтық патрондарын тауып алғанын хабарлаған.
"Тұрғын нысандағы ағаш едендерді бұзып жүріп, 9 мм калибрлі мылтықтың 2913 дана патронын тауып алған. Оқ-дәрілерді ол өз еркімен полицияға тапсыратынын мәлімдеді. 21 сәуірден бастап Ертіс-Баян өңірінде халық арасында заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды ерікті түрде сатып алу жөніндегі республикалық акция басталған. Акция шарттарына сәйкес, сараптама нәтижелері бойынша ауыл тұрғыны мемлекеттен өтемақы алады. Төлемнің болжамды сомасы — 327 246,42 теңге", — деп мәлімдеді өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Акция басталғаннан бері аймақ тұрғындарынан 16 мылтық және 3 мыңға жуық патрон қабылданған. Қарулар баллистикалық сараптамаға жіберілген. Олардың нәтижелері бойынша жалпы сомасы 1,5 млн теңгеден астам сомаға сыйақы төлеу туралы шешім қабылданады.
Оқи отырыңыз: Алматыда ауқымды сейсмикалық оқу-жаттығу өтті