Мексикада дүкеннен өрт шығып, 22 адам қаза тапты

Көрнекі фото: Аlmaty.tv
Көрнекі фото: Аlmaty.tv

Тағы 12 адам түрлі дәрежедегі күйік алып, ауруханаға жеткізілген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мексиканың солтүстік-батысындағы Эрмосильо қаласында дүкенде шыққан өрт салдарынан кемінде 22 адам, оның ішінде төрт бала қаза болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

El Universal басылымының жазуынша, тағы 12 адам түрлі дәрежедегі күйік алып, ауруханаға жеткізілген. Өрттің шығуына жарылыс себеп болғаны айтылды.

Өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, жалын дүкеннің кіреберісінен басталып, көптеген сатып алушылның іштен сыртқа шыға алмай қалуына себеп болған. Тілсіз жау уақытылы ауыздықталып, көрші ғимараттарға таралуының алды алынған.

Сонора штатының билігі оқиғаға байланысты тергеу жұмыстарын бастады. Қарастырылып жатқан нұсқалардың ішінде техникалық ақау мен жеңіл тұтанғыш материалдардың болуы бар.

Аймақ губернаторы Альфонсо Дурасо қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды. Сондай-ақ Эрмосильоның жергілікті билігі Өлілер күні фестивалі аясындағы мәдени шараларды уақытша тоқтатты.

Оқи отырыңыз: Жанармай бағасы мен газ тапшылығына қатысты жедел желі ашылды

Новости партнеров