Мексиканың оңтүстік-батысында микроавтобус апатқа ұшырап, 15 адам мерт болды
Depositphotos.com
Оқиға бойынша тергеу басталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Мексиканың оңтүстік-батысындағы Юкатан штатында микроавтобус жүк көлігімен соқтығысып, 15 адам мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv
Мексикалық БАҚ-тың хабарлауынша, құрылыс компаниясының жұмысшылары алып бара жатқан микроавтобус Мерида-Кампече трассасының 127-ші километрінде алдында келе жатқан көлікпен соқтығысып, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен, сол сәтте жүк көлігімен соқтығысқан.
Анадолы жол апаты салдарынан 15 адам оқиға орнында мерт болды, үш адам жарақат алғанын жазды.
Оқиға орнына өрт сөндірушілер жетті, оларға автобус ішіне қысылып қалған және зардап шеккендерді шығару үшін ұзақ уақыт еңбектенуге тура келді.
Оқиға бойынша тергеу басталды.
Оқи отырыңыз: СҚО-да 500-ден артық жұмысшы жалақысы төленбей келген
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
22.09.2026 08:00
Қайтыс болған адамның несиесін туыстары өтеуге міндетті ме
21.09.2026 21:29
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
21.09.2026 10:32
Санжар Әділов Азиадада аралас жекпе-жектен қола алды
21.09.2026 09:45