Таңды жақсы көңіл күймен бастаңыз: күнді сәтті өткізудің 5 қарапайым тәсілі
Таңертеңгі уақыт — бүкіл күннің қалай өтетініне әсер ететін маңызды кезең. Кейде күнді жақсы көңіл күймен бастау үшін үлкен өзгерістер жасаудың қажеті жоқ. Бірнеше қарапайым әдеттің өзі сергектік сыйлап, жұмысқа деген ынтаны арттыра алады, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі СDC-ге сілтеме жасап.
Мамандардың айтуынша, таңертеңгі әдеттер адамның көңіл күйіне, зейініне және күнделікті белсенділігіне әсер етеді.
1. Күніңізді асықпай бастаңыз
Оятқыш шырылдаған сәтте бірден телефонға үңілмей, өзіңізге бірнеше минут бөліңіз. Терең тыныс алып, алдағы күнге ойша дайындалыңыз.
2. Бір стақан су ішіңіз
Ұйқыдан тұрған соң су ішу ағзадағы сұйықтық қорын толықтыруға көмектеседі. Бұл — күнді бастаудың қарапайым әрі пайдалы әдеті.
3. Таңғы ас ішуді ұмытпаңыз
Құнарлы таңғы ас күннің алғашқы жартысында күш-қуат сақтауға көмектеседі. Жұмыртқа, ботқа, жеміс-жидек немесе сүт өнімдерін таңдауға болады.
4. Аздап қозғалыңыз
Таңертеңгі жеңіл жаттығу, серуендеу немесе бірнеше минуттық созылу денені сергітіп, көңіл күйді жақсартады.
5. Күндік жоспарыңызды жасаңыз
Алдағы күнге арналған негізгі міндеттерді белгілеп алыңыз. Бұл уақытты тиімді пайдалануға және маңызды істерге назар аударуға көмектеседі.
Ең бастысы — таңды өзіңізге жайлы ырғақпен бастау. Өйткені жақсы күн кездейсоқ қалыптаспайды, ол кішкентай әрі пайдалы әдеттерден басталады.
Оқи отырыңыз: Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады