Нигерияда 29 бала өлім жазасына кесілуі мүмкін

Мира Байбек
AP Photo/Gbemiga Olamikan
AP Photo/Gbemiga Olamikan

Оларға ондаған ауыр қылмыс бойынша айып тағылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нигерияда 29 бала елдегі өмір сүру деңгейінің төмендігіне қарсы наразылық акциясына қатысқаны үшін өлім жазасына кесілуі мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, кем дегенде 76 наразылық білдірушіге ондаған ауыр қылмыс бойынша, соның ішінде мемлекетке опасыздық жасады, мүлікті жойды, тәртіпсіздік жасады және бүлік шығарды деген сияқты айыптар тағылды.

"Кәмелетке толмаған сотталушылардың жасы 14 пен 17 жас аралығында", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ қамауға алынған ол балалардың 90 күннен бері аш отырғаны айтылды. 

AP Photo/Sani Maikatanga

Айта кетейік, Нигерияда 1 тамыздан бері наразылық шерулері жалғасып жатыр. Елдің жүз мыңдаған азаматы 30 жылда құлдырау шегіне жеткен инфляцияны тудырған экономикалық реформаларға қарсы көшеге шығып жатыр. Тамызда жастардың өмір сүру деңгейі мен еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен наразылық шеруінде кемінде 20 адам қаза тауып, тағы жүздеген адам тұтқындалды.

Оқи отырыңыз: Сербияда вокзалдың шатыры опырылып, 14 адам қаза тапты

Новости партнеров