Жасанды интеллект адамның өмірін 1400 жылға дейін ұзартуы мүмкін

24.11.2026 09:30

Футуролог жасанды интеллекттің адам өміріне ықпалы туралы болжам жасады

Depositphotos.com

Жасанды интеллекттің дамуы адамдарға 1400 жасқа дейін өмір сүруге мүмкіндік беруі ықтимал. Бұл туралы британдық футуролог, Оксфорд университетінің бұрынғы оқытушысы Ник Бостром мәлімдеді, - деп хабарлайды Almaty.tv  «МИР 24» басылымына сілтеме жасап.

Сарапшының пікірінше, егер жасанды интеллект биомедициналық зерттеулер мен қартаюға қарсы технологиялар саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізсе, адамның өмір сүру ұзақтығы түбегейлі артуы мүмкін.

«Егер қартаю процесі мүлдем болмайтын әлемді елестетсек, адамның орташа өмір сүру ұзақтығы шамамен 1200–1400 жыл болар еді. Бұл көрсеткіш, бәлкім, тіпті консервативті төменгі бағалау болуы мүмкін», – деді Бостром.

Бұл пікірлер жасанды интеллект қауіпсіздігіне қатысты қызу талқылаулар жүріп жатқан тұста айтылды. Көптеген маман қажетті қорғаныс шараларын енгізу және жүйелердің адамзат мүддесіне сай жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін технологияларды әзірлеу қарқынын бәсеңдетуге шақырып отыр.

Бостромның пайымдауынша, технологиялық прогресс қарқыны мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету арасындағы тепе-теңдікті сақтау – өте күрделі міндет.

Футуролог ұзақ уақыттан бері адамның мүмкіндіктерін кеңейту және жаңа технологиялардың ықпалын зерттеп келеді. 2005 жылы ол Оксфорд университетінде Адамзат болашағы институтын құрды. Бұл пәнаралық зерттеу тобы 2024 жылы өз жұмысын аяқтады, деп жазады Business Insider.

Толық көрсету
Теги: люди