Пәкістандағы муссон жауыны салдарынан 111 адам қаза болды

Abhijit Das/ unsplash.com/
Abhijit Das/ unsplash.com/

Муссон жауындары әдетте Пәкістанға шілде мен қыркүйек айында көп жауады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Пәкістанда маусым айының соңында басталған муссон жауыны толастар емес. Оның салдарынан алапат су тасып, осы уақытта кемінде 111 адам құрбан болды. Бұл туралы Пәкістанның Ұлттық табиғи апаттардың салдарын жою басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жауынан әсіресе Хайбер-Пахтунхва, Шығыс Пенджаб, Синд пен Белуджистан қатты зардап шекті. Соңғы 48 сағатта нөсер жауын мен оның салдарынан болған су тасқынынан тағы 7 адам мерт болып, 1 адам жарақат алды.

26 маусым мен 14 шілде аралығында зардап шеккендер саны 212 адамды құрады.

Пәкістанның Ұлттық табиғи апаттардың салдарын жою басқармасы жақын арада жауын күшеюі мүмкін екенін ескертіп, жергілікті билік өкілдерін жағдайға барынша дайын болуға шақырды.

Муссон жауындары әдетте Пәкістанға шілде мен қыркүйек айында көп жауады. Оның салдарынан жыл сайын жүздеген адам мерт болып, елдің инфрақұрылымы мен ауыл шаруашылығына зор нұқсан келеді.

Оқи отырыңыз: Қытайда маса арқылы таралатын қауіпті вирустың өршуі байқалды

Новости партнеров