Ресейде шетелдік 6 тұтқын жерді қазып, түрмеден қашып кеткен

Almaty.tv
Almaty.tv

Сотталғандар екі бірдей туннель жасаған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ресейдің Липецк облысындағы №2 жалпы режимдегі колониядан 6 тұтқын екі туннель арқылы қашып кеткен, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Baza Telegram-каналының хабарлауынша, сотталғандар қарауылдар жүретін ішкі тыйым салынған аймаққа кіретін қараусыз қалған шеберханада шұңқыр қазған. Кейіннен қоршау астынан тағы бір шұңқыр қазып, колония аумағынан шығып кете алған.

Дереккөздер мәліметінше, туннельдердің бірінің ұзындығы 37 метрді құраған. Қазіргі кезде қашу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, колонияда тексеру жүргізіліп жатыр.

Mash Telegram-каналының хабарлауынша, тұтқындардың қашып кеткені 25 қазанда, аумақты тінту кезінде анықталған, артынша бірден сотталғандарды санау жұмысы жүргізілген.

Белгілі болғандай, 6 тұтқын қашуды алты айдан астам уақыт бойы жоспарлаған. Осы уақыт ішінде ағаш өңделетін өндірістік аймақта жалпы ұзындығы 65 метрге жуық туннель қазған.  

"Қашқындар арасында Өзбекстанның бес азаматы мен Тәжікстанның бір азаматы бар. Олардың ұйымдастырушысы болжаммен 26 жастағы Даврон Жабаров делініп отыр", - делінген хабарламада.

Тұтқындардың қашуына түрмеге зорлау дерегі бойынша түскендіктен, шеттетілген санаттағы топқа ауыстыруылуы себеп болған.

Анықталғандай, түрме басшылығы бұл деректі жасырып, тұтқындарды өз күшімен табуға бір күн уақыт жұмсағанымен, артынша, 26 қазанда таңертең Мәскеуден көмек шақыруға мәжбүр болған.

Соңғы дерекке сәйкес, қашып кеткен тұтқындардың екеуі Тамбов облысында ұсталған. Бұл туралы Липецк облысының губернаторы Игорь Артамонов мәлімдеді.

"Қашқындар киімін толығымен ауыстырып үлгермеген - олар Липецк және Тамбов облыстарының шекарасынан алыс емес жерде, Петровское ауылының аумағында түрме формасымен ұсталған. Алдын ала мәлімет бойынша, тағы үш қашқын аталған аймақта тығылып жүр, олар әлі табылған жоқ", - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Түркия Күрдістан жұмысшы партиясына қарсы соққы жасады – шетел жаңалықтары

Новости партнеров