Республикалық референдумға дауыс беру Қытайда да басталды

06.10.2024 05:00

Учаскеде 239 адам тіркелген

24KZ

Жергілікті уақыт таңғы 7-де Бейжің қаласындағы 389-шы сайлау учаскесі ашылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшіісі 24KZ-ке сілтеме жасап.

Учаскедегі жұмыс мемлекеттік әнұранмен басталды. Мұнда сайлау комиссиясының 5 қызметкері жұмыс істейді. Учаскеде 239 адам тіркелген.

Учаске кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді, яғни Астана уақыты бойынша сағат 17:00-ге дейін.

Оқи отырыңыз: Жапонияда сайлау учаскесі ашылды