Шетелдегі дауыс беру 24 тамыздың таңына дейін жалғасады

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

АҚШ пен Канададағы сайлау учаскелері жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Вашингтон, Нью-Йорк, Сан-Франциско, Оттава және Бразилиа қалаларындағы сайлау учаскелері әлі де жұмыс істеп жатыр. Астана уақытымен сағат 00:00-ге дейін шетелдегі 74 сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтайды.

"Шетелдегі дауыс беру 24 тамыз күні Астана уақытымен сағат 08:00-де АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы Қазақстанның Бас консулдығы жанындағы сайлау учаскесінің жабылуымен аяқталады", — делінген хабарламада.

Бұдан бұрын Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру аяқтады. Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де ел аумағындағы сайлау учаскелері жабылып, комиссиялар дауыстарды санауға кірісті.

Оқи отырыңыз: Құрылтай: ұлтты ұйыстырған ұлы дәстүрдің жаңа дәуірдегі жалғасы